Brent мұнайының бағасы 19 сәуірден бері алғаш рет 99 доллардан төмен түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат - 2022 жылдың тамызында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 3,53% төмендеп, барреліне 96,02 долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Лондонның ICE биржасында 2022 жылдың қыркүйегінде жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының бағасы 3%-ға төмендеп, 2022 жылдың 19 сәуірінен бері алғаш рет барреліне 99 доллардан төмен болды.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:39-да Brent мұнайының құны 3,79%-ға – барреліне 98,88 долларға дейін төмендеді.

Елорда уақытымен сағат 21:16-да Brent бағасы құлдырауды бәсеңдетіп, баррелі 99,5 долларды (-3,13%) құрады.

Ал 2022 жылдың тамыз айында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері барреліне 96,02 доллар болды.


Фото: tass.ru
Соңғы жаңалықтар