Brent мұнайының бағасы 105 доллардан асты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон ICE биржасында биылғы сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны - 8,64%, барреліне - 105,21 долларға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 13:12-дегі жағдай бойынша Brent мұнайының құны 8,43% өсіп, барреліне 105 долларға жетті.

Мәскеу уақытымен 13:14-те Brent мұнайының құны барреліне 105 доллардан асып, барреліне 105,04 долларға дейін өсті (+8,47%).

Brent мұнайының бағасы соңғы рет 2014 жылдың тамызында баррелі 105 доллардан асқан болатын.


Соңғы жаңалықтар