Brent маркалы мұнайдың бағасы 79 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы жоғарылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 1,92 долларға көтеріліп, 79,39 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,71 долларға қымбаттап, 69,25 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар