Brent маркалы мұнайдың бағасы 67 долларға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,47  долларға көтеріліп, 67,01 долларды құрады. 

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы өзгермеді. Мұнай түрінің фьючерстері барреліне баға 56,46 долларды құрады. 

 

Соңғы жаңалықтар