Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 34 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 2016 жылғы наурыздағы жеткізіліммен 3 пайызға өсіп, бір баррель үшін 34,1 долларды құраған.

Бұл оның ағымдағы жылдың 8 қаңтарынан бастап 34 доллар көрсеткішінен алғаш рет асуы. Бұл туралы сауда мәліметтері куәландырады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл ретте мұнай бағаларының көтерілуімен рубль де нығайып келеді. Мәскеу биржасындағы саудада доллардың бағамы 1,91 рубльге түсіп, 75,75 рубльді, еуро бағамы 2,07 рубльге құлап - 82,83 рубльді құраған.

Соңғы жаңалықтар