Brent маркалы мұнай бағасы 79 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,85 долларға көтеріліп, баррелі 79,28 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,18 долларға қымбаттап, баррелі 71,49 долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар