Brent маркалы мұнай бағасы 67 доллардан түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 66,99 долларға дейін 2,18%-ға төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қор биржаларындағы сағат 13:00-дегі сауда алаңының мәліметтерінде көрінді. Соңғы рет Brent бағасы 24 мамырда барреліне 67 доллардан төмен болған.

Елорда уақытымен 13:25-те Brent құлдырауды тездетіп, барреліне 66,79 доллар деңгейінде саудаланды, бұл алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен 2,11%-ға төмен.

WTI маркалы мұнай барреліне 63,53 долларға дейін арзандады (- 2,52%).


Соңғы жаңалықтар