Brent маркалы мұнай бағасы 5,3% қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ICE құрлықаралық биржа сауда-саттығында Brent маркалы мұнай бағасы 5,3%-ға өсіп, бір баррелінің құны 73,6 АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,3%-ға артып, қазіргі уақытта барреьліне 73,6 долларды құрады.

Сондай-ақ WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 5,8%-ға өсіп, барреліне 70,16 АҚШ долларын құрады.


Соңғы жаңалықтар