Brent маркалы мұнай бағасы 35 доллардан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнай бағасы дүйсенбі, 29 ақпан күні Лондондағы ІСЕ биржасында 35 доллардан асып кетті. Астана уақытымен сағат 12:20-дағы мәліметтер бойынша, эталондық сұрыптың бір барреліне 35,35 доллар беріліп жатыр. Бұл туралы сауда алаңының көрсеткіштері куәландырады, деп хабарлайды Reuters.

Мұнай АҚШ-та бұрғылау қондырғылары санының қысқаратыны туралы хабар тараған соң қымбаттап жатыр. Baker Hughes компаниясының соңғы ақпаратына сәйкес, олардың саны 400-ге дейін азайған - бұл 2009 жылдан бері ең аз көрсеткіш.

Соңғы жаңалықтар