+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Brent маркалы мұнай бағасы 32 АҚШ долларынан төмен түсіп кетті

2020 жылғы 13 наурыз 11:57
Бөлісіңіз:
Brent маркалы мұнай бағасы 32 АҚШ долларынан төмен түсіп кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Brent маркалы мұнай бағасы 2016 жылдан бері бірінші рет 32 АҚШ долларынан төмен құлдырап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирустың салдарынан әлемдік экономика деңгейі 2 трлн АҚШ долларға азаюуы мүмкін. Сауда және даму бойынша БҰҰ конференциясы өз баяндамасында осындай болжам жасап отыр.

Жалпы әлемдегі тұрақсыз ахуал ең ірі екі мұнай өндірушінің арасындағы түсініспеушілікке әкеп тіреді. Бұған дейін хабарланғанындай, Венадағы ОПЕК+ мүше мемлекеттері министрлерінің келіссөздері Ресей мен Сауд Арабиясының келісімге келе алмауы салдарынан тығырыққа тірелген. Артынша 9 наурызда Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 24,1 пайызға – 34,36 АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда барысында мұнай 2016 жылдың қаңтарынан бері бірінші рет 31,02 АҚШ долларына дейін құлдырады.

Осы жылдың 10 желтоқсанында S&P Global Халықаралық рейтинг агенттігі 2020 жылы Brent маркалы мұнай бағасына болжам жасап, ары кеткенде мұнай баррелі 40 АҚШ долларына төмендейтінін болжаған еді. Әйтсе де агенттік биыл орташа есеппен бағаның 60 АҚШ доллары деңгейінде сақталатынын алға тартқан.

Мұнай бағасының құлдырап, доллар мен еуро бағамының құбылуы халықаралық биржалардың индексіне айтарлықтай жағымсыз сипатта ықпал етуде. Мәселен еуропалық биржалар дүйсенбіде құлдырап кетті. FTSE 100 Лондон биржалық индексі 7,7 пайызға, немістің DAX индексі 7,9 пайызға, француздық CAC 40 8,4 пайызға төмендеді.

Ал Қазақстан қаржы биржасындағы KASE индексі 2020 жылдың 10 наурызында 4,7 пайызға азайды.

Бұл оқиғалар көптеген мемлекеттің үкіметтерін елдегі экономикалық жағдайды шешу үшін жедел шаралар қабылдауға жетеледі. Мәселен, бағаның тұрақтылығын сақтау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 12 пайызға дейін көтеру туралы төтенше шешім қабылдады. Сонымен қатар, валюта нарығының тұрақтануын және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк қажетті валюталық интервенцияларды жүзеге асырады. Ол үшін елде валюталық актив жеткілікті мөлшерде бар. Бұл шаралар инфляцияның жеделдеуін шектеп, ұлттық валютаның шамадан тыс құбылуына жол бермейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Мұнай,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT