Brent маркалы мұнай бағасы 2009 жылдың шілдесінен бері алғаш рет 63 доллардан төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай баррелінің бағасы 2009 жылдың шілдесінен бері алғаш рет 63 доллардан төмендеді.

Талдаушылар мұнай бағаларының құлдилауы рубль бағамының төмендеуіне әкелген басты себептердің бірі деп атауда. Бұл туралы РБК хабарлайды.

ICE Futures биржасындағы бүгінгі сауда барысында Brent фьючерстерінің 2015 жылдың қаңтарындағы жеткізіліміне бағасы бір баррель үшін 62,93 долларды құраған, бұл кешегі сауданың жабылу деңгейінен шамамен 1 пайызға төмен және 2009 жылдың 17 шілдесінен бері ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40-та Brent-тің қаңтардағы фьючерсінің бағасы бір баррель үшін 63,21 долларды құраған, бұл мұның алдындағы сауданың жабылу деңгейінен 0,74 пайызға төмен. WTI маркалы мұнай қаңтардағы фьючерстерінің құны бүгін бір баррель үшін 58,86 долларды құрады.

Жұма күні ОПЕК мұнай себетінің бағасы тағы 1,4 пайызға құлап, бес жылдан астам уақыттың ішінде алғаш рет баррелі 60 долларға құлады. Бүгін мұнайды экспорттаушы елдердің халықаралық картелінің хатшылығынан хабарланғандай, 2014 жылғы 11 желтоқсандағы есеп беру күнінде ОПЕК мұнай себетінің бағасы 0,85, долларға арзандады, ал оның бағасы ресми түрде бір баррель үшін 60,50 долларды құрады. Бұл оның 2009 жылғы 13 шілдеден бері ең төмен көрсеткіші.

Соңғы жаңалықтар