02:01, 15 Қараша 2017 | GMT +6
Brent маркалы мұнай $62 төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтарындағы жеткізілім бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстерінің Лндонның ICE биржасындағы құны 2,1 процентке арзандап, барреліне $61,88 құрады. Бұл туралы биржа саудасындағы мәліметтерден белгілі болды, деп жазады ТАСС.
Соңғы рет аталған мұнай сұрыпының құны $62 төмен болып, 2017 жылдың 3 қарашасында тіркелген еді.