+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет

2021 жылғы 13 қазан 20:06
Бөлісіңіз:
Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтті Ауыл шаруашылығы министрі биылғы астық түсіміне болжам жасады Қуаңшылықта Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына қандай көмек көрсетілді

«Өсімдік шаруашылығында егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет. Дәстүрлі әдіспен өсірілген өнімдермен салыстырғанда органикалық азық-түлік бағасының жоғары болуына қарамастан әлемдік сұраныс артып келе жатыр. Органикалық азық-түлік экспорты саласына мемлекеттік қолдау көрсету де қажет», - деді ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы барысында.

Оның атап өтуінше, мал, құс басының өсуі де биогаз қондырғыларын кеңінен таратуға қатысты іс-шараларды талап етеді.

«Мал мен құс басының артуы мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу үшін биогаз қондырғыларының кеңінен тарату бойынша іс-шараларды қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр», - деді Серікқали Брекешев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT