Break-dance билеген 46 жастағы атыраулық Интернетте танымалдылыққа ие болуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube видеохостингінде жарияланған Атыраудың орталық алаңында түсірілген әуесқой бейнежазба танымалдылыққа ие болып келеді.

Қаланың 46 жастағы тұрғыны «Атырау, махаббатқа сенемін» музыкалық әуеніне топ-рок стилінде break-dance билейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ATPress.kz-тің жазуынша, ер адамның жасы аталмыш биді орындайтын жастарға бәсекелес болуға еш кедергі келтірмейді.

«Вreak-dance-пен мектеп кезінде айналыса бастадым, солай бүкіл өміріме хобби болып қалды. Бұл биімді Атырау қаласының 376 жылдығына арнадым», - дейді 46 жастағы тұрғын.

Кәсіби биші болмағандықтан және танымалдылыққа ие болу мақсаты еместігін айтқан ер адам, өз есімін атамауды сұрады. 

 

Соңғы жаңалықтар