Бразилияның тоғыз штатында денге безгегі өршіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда жыл басынан бері денге безгегіне шалдығудың 746 мың фактісі тіркелген, осыған байланысты тоғыз штатта індет жарияланды, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрлігінен.

«ВВС» агенттігінің хабарлауынша, эпидемия әзірге бүкіл елді қамтыған жоқ.

Жартысынан көп оқиға Сан-Паулу қаласында тіркелген.

Ел бойынша бұл ауруға шалдыққандардың саны 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 235 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар