Бразилияның 200 жылдық тарихы бар Ұлттық мұражайы жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода орналасқан Бразилияның Ұлттық мұражайын өрт жалмады. Ғимарат елдің ең көне ғылыми орталықтарының бірі болған еді, деп хабарлайды Globo телеарнасы.

Өрт сөндірушілердің әрекеттеріне қарамастан, тілсіз жау музейдің 20 млн экспонаттан тұратын топтамасын, сондай-ақ кітапхананың ауқымды бөлігін жойды.

Атап өтілгендей, жанып жатқан ғимаратқа суды жеткізу қиынға соққан. Оның үстіне, экспонаттарды сақтау үшін тез тұтанатын химикаттар пайдаланылып келген.

Оқиғаның мән-жайы мен келген шығын көлемі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Музейдің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жұмыс орнында болған төрт бақылаушы қызметкер ғимараттан уақытында шығып үлгерген. 

Ел президенті Мишель Темер бұл, барша бразиялықтар үшін қайғылы оқиға екенін айтты.



Бразилияның Ұлттық мұражайы Рио-де-Жанейроның солтүстік бөлігіндегі Кинта-да-Боа-Виста саябағында орналасқан. Оның негізін 1818 жылы Португалия королі Жаун VI қалаған. Музей топтамасы 20 миллион экспонаттан тұрды. Олардың арасында жануарлар, жәндіктер, минералдар, тұрмыс құралдары, мысыр және оңтүстікамерикалық мумиялар, артефактілер және тағы басқалары болған.

Соңғы жаңалықтар