Бразилиялық азамат өзінің жаназасына келді

None
None
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Бразилия азаматы өзінің жерлеу рәсіміне тіріліп келді.

Осыған ұқсас оқиғалар Бразилияда алғаш болып тұрған жоқ. Бразилияда ер адам анасының үйінде өткізіліп жатқан өзінің жаназасына тіріліп келіп, туғандарын шошытты.

Отбасы мүшелері табытта 41 жастағы Гилберто Арауйо жатқанына сенімді болып, оның айналасына жиналып тұрған.  Кенеттен Гилберто дін аман табалдырықтан аттап кіргенде, кейбіреулер естерінен танып құласа, біреулер қаша жөнелген.

Ер адам  өткен сенбі күні кісі өлтіру оқиғасы болған автожуу бекетінде жұмыс істеген. Табытта Арауйоға қатты ұқсайтын автожуу бекетінің басқа қызметкері болған.

Оның ағасы Хосе Маркос Арауйо оның денесін мәйітханада қате танығандығын айтуда. Оның сөзіне қарағанда, өлтірілген адам төрт ай бойы көрмеген өзінің ағасына қатты ұқсаған.

Гиберто Арауйо өзінің жерленіп жатқандығы туралы хабарды көшеде кездестірген өзінің танысынан естіген. 

Соңғы жаңалықтар