+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Бразилиядан Қазақстанға кокаин жеткізіп келген сыбайластар 15 жылға сотталды

2019 жылғы 14 қазан 11:37
Бөлісіңіз:
Бразилиядан Қазақстанға кокаин жеткізіп келген сыбайластар 15 жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті кокаин контрабандасының транзиттік арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жыл басынан бері 2,5 тонна есірткі тәркіленген Петропавлда есірткіні жарнамалаған бойжеткен 10 күнге қамалды Жамбылда 49 жастағы тұрғыннан бір қап марихуана табылды

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті шымкенттік әріптестерімен бірге Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті.

«2019 жылғы наурызда ҰҚК Алматы қалалық департаменті жедел іздестіру барысында Алматы әуежайында контрабандалық жолмен кокаин әкелді деген күдікпен «Дубай-Алматы» авиарейсінің жолаушысы, ҚР азаматы М. Сатыбалдиевті ұстады. Т ексеру кезінде қалалық клиникалық аурухананың медқызметкерлері арнайы процедура жүргізіп, М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде оған туыстық қатысы бар Л. Құрманбаева ұсталды. Ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан ҚР-ға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған, сондай-ақ оларды Түркияға тасымалдамақ болған» делінген хабарламада.

Биылғы маусымда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Л. Құрманбаева мен М. Сатыбалдиев ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі және 286-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Олар қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында 15,5 жыл жазасын өтейді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT