Бразилиядағы шіркеудегі атыс: 5 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның оңтүстік шығысында Сан-Паулу штатындағы Кампинас қаласында кафедральды шіркеуде болған атыс салдарынан кем дегенде  бес адам қаза тапты, деп хабарлады сейсенбі, 11 желтоқсанда Globo  телеарнасы.

Тапаншамен және 38-інші калибрлі револьвермен қаруланған белгісіз біреу түстен кейін шіркеуге келушілерге оқ жаудырған.

Бес адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақаттанғаны мәлім болды. Оларды Марио Гатти госпиталіне жеткізген. Жаралылардың жағдайы туралы хабарланбай отыр. Ал оқ атқан адам шіркеу ғимаратының ішінде өзін-өіз өлтірген.

Соңғы жаңалықтар