Бразилиядағы конкурста қазақстандық оқушылардың жобалары жоғары бағаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар Бразилияда өткен ғылыми жобалар конкурсынан медальдармен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

3-27 қазанда қазақстандық 39 оқушы, соның ішінде 18 елордалық Бразилияның Ново-Гамбург қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсына қатысты. Конкурс «Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia» (Mostratec) 33-ші халықаралық білім көрмесі аясында ұйымдастырылды.
Конкурсқа 20 елден 300-ден астам адам қатысты.

«Бiлiм инновация лицейі» тәрбиеленушілері Бауыржанұлы Бағлан, Жанайдар Қарманов, Тимур Сәтмағамбетов «Жапондық ғибадатханалардың геометриясы» жобасы бойынша алтын медальды жеңіп алды. Бірінші орынды «Этанол өндірісі» химия жобасымен № 73 мектеп-лицейінің оқушысы Сапарғали Балым алды.

«Бiлiм инновация лицейінің» оқушылары Темірлан Жұмагелдинов пен Мадияр Мамырбеков және «NURORDA» лицейінің оқушысы Нұрсұлтан Иманғали геометриядағы фрактал туралы жобамен екінші орынды иеленді. Сондай-ақ, №17 мектеп-гимназиясынан Ақмарал Беделханова мен Сафи Нұржан математикадан «күміс» жүлде алды. №73 мектеп-гимназиясының оқушылары Аслан Тұяқ, Дәуіржан Ақмұрат, Қамбар Машұрық және Толқын Асылбекова психология мен өзін-өзі дамыту бойынша жоба ұсынды.

Үшінші орынды «Білім инновация лицейінен» Нұрислам Сейдалин мен Мират Еңбеков ағылшын тіліндегі, №47 мектептің оқушысы Аяжан Жұмашев химия бойынша, сондай-ақ №50 мектептің тәрбиеленушісі Денис Тцугулов пен «Білім инновация лицейінен» Әділет Қалижан география бойынша жобаларымен жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсімінде ең жақсы жұмыстардың авторларына медальдармен қоса дипломдар, бағалы сыйлықтар және білім гранттары табыс етілді.
null 

Соңғы жаңалықтар