Бразилияда журналистің өліміне қатысты наразылық акциясы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилия астанасы мен Рио-де-Жанейрода Амазония байырғы тұрғындарының өкілдері наразылық акциясын өткізіп, журналист Дом Филипс пен этнограф Бруно Перейраның өліміне кінәлілерді жазалауды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Британдық Дом Филипс пен бразилиялық Бруно Перейра амазон тайпаларының мәдениетін зерттеп, мәселелерін көрсетіп жүрген. Осыған байланысты браконьерлер мен есірткі сатушылардан бірнеше рет ескерту алған.

Олар маусым айының басында Перумен шекараға жақын маңдағы Жавари нуында жоғалды. Екеуінің денесі бір апта бұрын джунглиден табылды.

Осы оқиғаға байланысты бірнеше күдікті ұсталды. Кейбірі кінәларын мойындап, болған жайтты баяндап та берді.

Алайда, наразылық білдірушілер оларды өлтіруге тапсырыс берген нақты қылмыскерлердің ұсталатынына сенімсіздік танытты. Олар сондай-ақ, жергілікті халықтар ісі жөніндегі агенттік (FUNAI) басшысы Марсело Ксавьердің әркетсіздігін айтып, орнынан кетуін талап етті.


Соңғы жаңалықтар