Бразилияда су тасқыны мен көшкін салдарынан 106 адам қаза тапты
2022 жылғы 2 маусым 11:50

Бразилияда су тасқыны мен көшкін салдарынан 106 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияның солтүстік-шығысындағы су тасқыны мен көшкін 106 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News арнасына сілтеме жасап.

Құтқару топтары су тасқынынан кейін көміліп қалған ондаған адамның денесін тапты. Әсіресе, Жардим Монтеверде аймағы мен Ресифи қаласының маңындағы елді мекендер қатты қираған. Пернамбуку штатының 24 әкімшілік аймағында төтенше жағдай жарияланды. Онда 6 мыңнан астам адам үйлерін тастап, эвакуациялануға мәжбүр болды.

Ел президенті Жаир Болсонару шығын көлемін бағалау үшін апат болған аймақты тікұшақпен айналып өтті.

Бразилияда бір аптадан бері толассыз нөсер жаңбыр жауып, кедей халық тұратын аймақтар, әсіресе тау баурайындағы фавелаларға қатты зиян келтірді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT