Бразилияда нөсер жауыннан кем дегенде 56 адам қаза тапты
2022 жылғы 30 мамыр 09:39

Бразилияда нөсер жауыннан кем дегенде 56 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсенбіден бері толассыз жауған жаңбыр суының тасқыны мен көшкін салдарынан Бразилияның солтүстік-шығысындағы Ресифе және Олинда муниципалитеттерінде кем дегенде 56 адам қаза тауып, сонша адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Пернамбуку штатының азаматтық қорғанысы 4 мыңға жуық тұрғыны баспанасынан айырылғанын хабарлады. Жергілікті билік алдағы күндері ауа райының әлі де нашарлауы мүмкін екенін ескертеді.

Бразилия президенті Жаир Болсонару қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, іздеу-құтқару операциясына көмектесу үшін өңірге әскер жіберді.

Ең көп зардап шеккен екі қалаға шамамен жарты миллион еуро (2,5 миллион бразилиялық реал) көлемінде гуманитарлық көмек бөлінді.

Жыл басынан бері жүздеген бразилиялық табиғи апаттан қайтыс болды. Ақпан айының өзінде Рио-де-Жанейро штатының Петрополисінде су тасқынынан 230-дан астам адам қаза тапты.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT