Бразилияда нөсер жаңбыр бөгетті бұзып кетті, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бразилияның солтүстік шығысындағы Баия штатында толассыз жауған нөсер салдарынан Риу-ди-Пейши өзеніндегі бөгеттің едәуір бөлігін бұзылды, деп хабарлады бейсенбі күні Globo телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап.

Су басқан аймақта 300-дей адам тұрып тіршілік кешіп жатқан.

Оқыс оқиғаға байланысты Коронел-Жуан-Са қаласының басшылығы бес мектепте уақытша тұрақтайтын орын ашты. Құтқарушылар мен әскерилер халықты эвакуациялап жатыр. Осы аумақтағы елді мекендердің арасындағы жол қатынасы үзілді. Бұл құтқару қызметінің жұмысына қиындық келтіруде.

Айта кетсек, 25 қаңтарда бразилиялық Брумадинью муниципалитетінде (Минас-Жерайс штаты) Vale тау-кен өндірісі кәсіпорнына қарайтын бөгет бұзылып, ондағы күллі металлургия өндірісінің қалдықтары төмен аққан еді. Апат салдарынан 240 адам ажал қаза тауып, 20-дан астамы із-түзсіз жоғалған.

Соңғы жаңалықтар