Бразилияда көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бразилияның оңтүстігінде Паран штатының тасжол учаскесінде көшкін жүріп, салдарынан кемінде екі адам көз жұмып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бразилия билігінің хабарлауынша, нөсер жаңбырдан кейін лай 20-ға жуық жеңіл көлік пен жүк көлігін шайып кеткен. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығы мен оқиға орнының шалғайлығы іздеу жұмыстарын қиындатқанын айтуда.

Алдын ала мәлімет бойынша 50-ге дейін адам хабар-ошарсыз кеткен.

Фото: AFP PHOTO / SANTA CATARINA FIRE DEPARTMENT
Соңғы жаңалықтар