Бразилияда індетке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты

None
None
БРАЗИЛИА. ҚазАқпарат – Пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемде SARS-CoV-2 коронавирусын 13,9 млн адам жұқтырып, 591 мыңнан астам адам қайтыс болды. 8,2 млн астам пациент жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ға сілтеме жасап.

Әлем қауымдастығы SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы күресті жалғастырып келеді. Пандемия басталғалы ғаламшардың 13,9 млн астам тұрғынынан инфекция анықталған. Індет жұқтыру салдары мен одан болатын COVID-19 өкпе дертінен 591 мыңнан астам адам қайтыс болған, 8,2 млн астам науқас жазылды. Бұл - Worldometer халықаралық еріктілер тобының мәліметі.

Бейсенбі күні АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) АҚШ аумағында жұмыс істейтін круиздік компаниялардың жүзуіне салған тыйымды қыркүйек айының соңына дейін созды. Егер АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қоғамдық денсаулық сақтау саласында COVID-19 індетіне байланысты төтенше жағдайды алып тастаса, бұл тыйым алынатыны да атап өтіледі.

Роберт Кох атындағы институттың (RKI) мәліметінше, соңғы тәулікте Германияда SARS-CoV-2 жұқтырудың 583 жаңа оқиғасы анықталды. Эпидемия басталғалы тіркелген оқиғалардың жалпы саны 200 843 адамға дейін өскен. COVID-19 індетінен 9082 пациент көз жұмды.

АҚШ-та бір күнде ауру жұқтырудың жаңа ең жоғары көрсеткіші тіркелген - 75255 оқиға. Маусым айында ол 30 мыңнан аспаған еді. Сарапшылар көп ұзамай тәулігіне ауруға 100 мың адам шалдығатынына қауіптеніп отыр.


Соңғы жаңалықтар