Бразилияда Грекия елшісінің өртенген көлігінен мәйіті табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро полициясы жоғалған Грекия елшісінің өртенген көлігінен мәйіті табылды. Қайтыс болған адамның мүрдесі сараптамаға берілді, деп хабарлайды Рейтер агенттігі бразилиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Грекия Сыртқы істер министрі Кириакос Амиридистің жоғалғанын растады.

GLOBO телеарнасы өз сайтында өртенген ақ түсті көліктің фотосын жариялады. Машина дипломат жоғалған Нова-Игуасу басқарма орнында табылды. Бейсенбі күні бразилиялық БАҚ, Грецияның Бразилиядағы елшілігіндегі шенеуніктерге сілтеме жасап, үш күн бұрын 59 жастағы дипломаттың жұбайымен бірге Рио-де-Жанейрода демалып жүрген жерінен жоғалғанын мәлімдеген.

Globo-ның мәлімдеуінше, Амиридистің жұбайы дипломаттың үйінен шығып кетіп, қайтып келмегенін айтқан. Елшінің демалысы ресми түрде 9 қаңтар күні аяқталады.

Елшілік қызметкерлерінің айтуынша, Амиридис соңғы рет 26 желтоқсан күні, ұялы телефон қосымшасымен хабарлама жолдау арқылы байланысқа шыққан. Әрине, хабарламаны өзі жібермеуі де мүмкін, деп атап өтті thetoc.gr
грекиялық сайты.

Амиридис 2001 жылдан 2004 жылға дейін Грекияның Рио-де-Жанейродағы консулы болған. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап елші міндетін атқаруда, деп жазады Риа Новости агенттігі.

Соңғы жаңалықтар