+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр

2021 жылғы 17 қаңтар 15:17
Бөлісіңіз:
Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр

БРАЗИЛИА. ҚазАқпарат - Бразилияның Манаус қаласының (Амазонас астанасы) тұрғындары билікті санитарлық дағдарысты жеңе алмады деп айыптап отыр. Жергілікті ауруханаларда Covid-19 ауыр түріне шалдыққан науқастарға оттегі жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстан Президенті Қазақстан басшысына коронавируспен күресте қолдауы үшін алғыс айтты Оралда газ мекемесінің 7 қызметкерінен коронавирус анықталды Қызылордада 505 адам коронавируске қарсы екінші мәрте вакцина салдырды

Науқастардың туыстары оттегі баллондарын алып, оларды клиникаға жеткізу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Өткен жылдың 26 ақпанында инфекцияның алғашқы жағдайы расталған Бразилия АҚШ пен Үндістаннан кейін ең көп вирус жұқтырған мемлекеттер тізімінде үшінші орында. Билік Амазонастағы кейбір ауыр науқастарды елдің басқа аймақтарындағы медицина мекемелеріне ауыстыруға шешім қабылдады. 60 шақалақты жаңа туған нәрестелерге арналған бөлімшелерде емдеу үшін Манаустан ауыстырды.

Республика Президенті Джейр Болсонару оттегі проблемасы бар екендігін мойындайды: «Біз қашанда қолдан келер көмекті аямаймыз. Манаустағы жағдай қиын. Дегенмен жұмыстың бізге тиесілігі бөлігін орындадық».

Бразилия әуе күштерінің ұшағы Амазонас ауруханаларына тоғыз оттегі баллонын апарды. Соңғы бес күнде штаттың ауруханаларына 400-ге жуық баллон жеткізілді.

Айта кетсек, өткен аптада Бразилияда коронавирус инфекциясының 360 мыңға жуық жағдайы тіркелген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT