Бразилияда бір тәулікте коронавирустан 1 300 адам қайтыс болды

None
None
БРАЗИЛИА. ҚазАқпарат – Бразилияда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 41 857 жағдайы тіркеліп, осы індеттен 1300 адам көз жұмды. Бұны елдің Денсаулық сақтау министрлігі де мойындап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agencia Brasil агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 74 000 адамға жетті. Бразилияның тарихи қаласы Ору-Претуде осыншама халық тұрады екен. Коронавирустан қайтыс болғандар саны дүйсенбімен (13 шілде) салыстырғанда 1,7 пайызға артты. Ол күні індеттен көз жұмғандар саны 72 833-ке жеткен болатын.

Пандамеия басталғалы коронавирус инфекциясымен науқастанғандар Бразилияда 1 926 000-нан асты. Егер бұны қала тұрғындарының санымен алсақ, ол Бразилиядағы халқы ең тығыз орналасқан 9-шы қала болар еді.

Ресми деректер бойынша, елде 1 209 000 адам COVID-19 індетінен емделіп шықты. Бүгінгі таңда 3 928 өлімге қатысты тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар