Бразилия соты 11 жасар ұл баланы қыз деп таныған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бала кезінен бері өзін қыз деп ойлаған, есімі аталмай отырған 11 жасар бразилиялық ұл балаға туу туралы жаңа куәлік беріліп, онда оның жынысы әйел деп беріледі.

Осындай шешімді судья Андерсон Кандиотто шығарған, Бразилияда осыған ұқсас оқиғалар ешқашан орын алған жоқ, деп хабарлайды LifeNews. Судья ең бастысы - елдің әрбір тұрғыны өзін бақытты сезіну екенін айтты.

«Мәселе ота жасату мен жыныс органдарын өзгерту туралы емес, баланың өзін қыз деп ойлайтыны және басқаларға солай көрінетінінде», - деп түсіндірді судья Folha de São Paulo басылымына.

Андерсон Кандиоттоның пікірінше, Бразилияда азаматтардың намысы мен абыройын қорғау, және де ең бастысы - олардың өздерін бақытты сезінуі ең негізгі принциптердің бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар