Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президент сайлауына өз бағасын берді

2019 жылғы 11 маусым 16:57 1002
Бөлісіңіз:
Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президент сайлауына өз бағасын берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздің кезектен тыс президент сайлауына бақылаушы ретінде елордаға келген Бразилия Федеративтік Республикасының Ұлттық конгресс сенаторлары Франсиско де Ассис Родригес және Жакес Вагнермен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сыртқы саяси ведомство басшысы өткен сайлау - Қазақстанның халықаралық әріптестер үшін ашық прогрессивті ел екенін, демократиялық елде өмір сүру және еңбек ету еркіндігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Бразилия Президентінің Сенаттағы өкілі саналатын Ф. де Ассис Родригес президент сайлауы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткенін атап өтіп, учаскелердегі дауыс беру кезеңінде процестің транспаренттілігін көз етті. Ж. Вагнер Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының жүргізген жұмысына жоғары баға берді. Оның пікірінше, өткен сайлау нәтижелері Қазақстанның демократиялық даму бағытындағы берік ұстанымын көрсетеді.
Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президент сайлауына өз бағасын берді 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Бразилия екіжақты қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылап, олардың парламентаралық құрамдастарына ерекше назар аударды.

Бразилия Сенатындағы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың жетекшісі Ф. де Ассис Родригес Қазақстанмен бірлесе екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және маңызды халықаралық бастамаларды ілгерілетуге дайын екенін айтты.

СІМ басшысы парламентаралық дипломатиядағы қарым-қатынасты дамытудың маңызын атап өтіп, Бразилия - Латын Америкасындағы Қазақстанның басты сауда серіктесі екенін айтты. Ол бразилиялық парламентшілерді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге белсенді түрде жәрдемдесуге шақырды. «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ және «Embraer» сияқты ірі компаниялардың екі ел нарығындағы табысты қызметін атап өте отырып, министр:

«Өткен жылы Қазақстанның Бразилиямен екіжақты тауар айналымы 150 миллион АҚШ долларынан асты. Бұл көрсеткіштің өсуі маңызды перспективаға ие», - деп атап өтті.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT