Бразилия президентінің әйелі коронавирус жұқтырды

None
None
САН-ПАУЛУ. REUTERS. ҚазАқпарат – Бразилия президентінің әйелі Болсонару Мишельдің коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бразилия президентінің әйелі Болсонару Мишельдің коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті.

«Бейсенбі күні Мишель Болсонарудың COVID-19 тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол өзін жайлы сезінеді және тиісті хаттамаға сәйкес ем қабылдауда», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 7 шілде күні Бразилияның президенті Жаир Болсонарудың коронавирус жұқтырғаны анықтады. Екінші талдау да президентте коронавирус бар екенін көрсетті .

Бұған дейін Балсонару коронавирус инфекциясымен күресте тиімділігі дәлелденбеген «гидроксихлорохин» препаратын қолданғанын хабарлаған. Препаратты АҚШ президенті Дональд Трамп та жарнамалаған болатын. Оның ойынша, бұл дәрі аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.


Соңғы жаңалықтар