Бразилия президенті: Petrobras ісі елдегі «жазаламау мәдениетін» жоюда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия президенті Дилма Русеф Petrobras мемлекеттік мұнай компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеу елде қалыптасқан «жазасыздық мәдениетін» жойып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.

Жұма күні 23 адам жемқорлық және ақшаның ізін жасыру ісі бойынша қамауға алынды. Қамауға бірлестіктің көптеген менеджерлер мен Petrobras компаниясымен шарт орнатқан құрылыс фирмаларының басшылары алынды.

Президенттің айтуынша, бұл істің Бразилия үшін символикалық мәні бар. Бұл ретте, сарапшылардың атап өтуінше, Русефтің өзіне бұл жанжалдан аулақ болу оңайға соқпады, өйткені ол 2003-2010 жылдар аралығында бұл мұнай компаниясының директорлары кеңесінің төрайымы болды.

Соңғы жаңалықтар