Бразилия мен Испанияда маймыл шешегінен 3 адам көз жұмды

None
None
БРАЗИЛИЯ. ҚазАқпарат – Бразилия мен Испания үкіметі өз аумағында маймыл шешегінен қаза тапқандар туралы алғашқы дерек тіркелгенін мәлімдеді. Бұған дейін Африка құрлығынан басқа елдерде аталған вирус салдарынан өлім жағдайы болмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінде Бразилияда 1066 адамның індет жұқтырғаны анықталған.

Сонымен қатар, тағы 513 тұрғын маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен тіркеуге алыныпты. Ал, аталған вирустан 41 жастағы бразилиялық көз жұмды.

Испанияда 3750 адам індеттің ілмегіне ілінген. Оның ішінде 120 тұрғын ауруханада ем алып жатыр.

Қазіргі таңда Испанияда маймыл шешегінен екі адам қайтыс болды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Америка Құрама Штаттары маймыл шешегін жұқтыру бойынша көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар