+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты

2020 жылғы 23 мамыр 10:31
Бөлісіңіз:
Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Ресейден озып, әлемде екінші орынға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлыбританияда карантин талабын бұзған адамға 10 мың фунт айыппұл салынбақ Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды Бейжіңде тікелей халықаралық рейстер тоқтатылуы мүмкін

Америкадағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 23 мамырға қараған түні Бразилияда жалпы 330 890 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелсе, Ресейде 326 448 болған.

Соңғы тәулікте Бразилияда 20 803 коронавирус жұқтырған, бұл елдегі пандемия кезіндегі рекорд көрсеткіш. Бір күнде індеттен 1001 адам қайтыс болса, пандемия басталғаннан бері 21 048 адам көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Төтенше жағдайлар бойынша басшысы Майк Райан жұма күні Оңтүстік Американы «індеттің жаңа ошағы», ал Бразилияны «ең көп зардап шеккен ел» деп атаған. Райан COVID-19 дертін жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны елде ең көп Амазония аймағына назар аударды.

Бразилияда 2020 жылы COVID-19 пандемиясы салдарынан мемлекеттік қарыз рекорд дәрежеде өсуі күтілуде (ЖІӨ 93,5 пайызына дейін). Бұл соңғы 120 жылдағы бақылау жүргізілген кездегі жалпы ішкі өнімнің ең төмен құылдырауы (кем дегенде, ЖІӨ-нің 4,7 пайызы) болмақ. Бұл ретте, AFP агенттігінің хабарлауынша, елде індет жұқтырғандардың нақты саны жүргізілген зерттеу тестінің аз болуына байланысты 15 есе көп болуы да ықтимал.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT