Бразилия Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтып, инвестиция деңгейін арттыруға мүдделі

None
None
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Бразилия Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтып, инвестиция деңгейін арттыруға мүдделі.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстандық-бразилиялық бизнес форумында Бразилияның Өндіріс және сауданы дамыту вице-министрі Ивана Жоао Гимараеса Рамальо  мәлім етті , деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Форум жұмысына меллекеттік органдардың, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, ҚазАгро холдингінің өкілдері, сондай-ақ Бразилияның әр салалар бойынша 20-дан астам компаниялары қатысуда. Таратылған мәліметтерге қарағанда, бразилиялық бизнесмендер тау-кен, энергетика, металлургия, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, сонымен қатар химия өнеркәсібінде сауда-экономикалық байланыстарды нығайтпақ.  Бизнес-форум «Ата мекен» Одағы Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

 «Біз Қазақстандағы коммерциялық серіктестермен қарым-қатынастарды тереңдетіп, нығайтуға инвестиция деңгейін арттыруға мүдделіміз. Бразилия соңғы жылдары өзінің сыртқы экономикалық саудасында оң дәрежеге шықты», деді Бразилия вице-министрі.

Оның айтуынша, 2008 жылы бұл елдегі жалпы тауар айналымы 350 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрады. Экспорт көлемі шамамен 200 млрд. АҚШ доллары. Ал импорт 150 миллиардтан астам болды. «Атап айтқанда, бізде экспорт және импортқа да өсім болды. Бұл мүмкіндіктердің барлығы Бразилияның соңғы жылдары экономикалық саудасын әртараптандырудың  арқасында іске асырылды. Бүгінде Бразилия әлемнің бірқатар елдерімен сауда қарым-қатынастарын кеңейтуді басты бағыттардың бірі ретінде белгілеп отырғандығына тоқталған ол «Біз өзіміздің бизнестің ауқымын кеңейтіп, әсіресе Қазақстанда сауда-экономикалық байланыстарды нығайтқымыз келеді», деді.

Соңғы жаңалықтар