+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Бразилия ғалымдары ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты

2020 жылғы 23 тамыз 15:34
Бөлісіңіз:
Бразилия ғалымдары ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты

БРАЗИЛИЯ. ҚазАқпарат – Сан-Паулу университеті Медициналық мектебінің және Omni-electronica стартапының зерттеушілері жаңа коронавирустың үлгілерін ауада жинауға мүмкіндік беретін технологияны жасап шығарды. ҚазАқпарат бұл туралы Agencia Brasil агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылғы адам көп жиналатын ғимараттардың ішінде қолдануға өте пайдалы болуы мүмкін.

Spiri атауына ие болған құрылғы бұрын да бар болатын. Оны стартаптың негізін қалаған университеттің Политехникалық мектебінің бұрынғы студенттері жасаған. Құрылғының әуелдегі мақсаты ғимарат ішіндегі ауа сапасын бағалау болатын. Екі ай бойы зерттеушілер жергілікті ауруханалардың ішіндегі ауаға сараптама жүргізген.

«Бізде ғимарат ішіндегі ауа сапасы бойынша сенімді мәліметтер базасы бар. Біз респираторлық вирустардың қалай таралатынын және қыс айларында инфекцияның қалай күшеюі мүмкін екенін білеміз. Коронавирус пандемиясы басталған кезде жабық ғимарат ішінде вирустың таралу мүмкіндігі жоғары екенін білдік. Ол кезде бұл мәліметті тіпті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да айтпаған еді», - деп атап өтті Omni-electronica жетекшісі және зерттеу үйлестірушісі Артур Айкава.

Мәліметке сәйкес, Spiri-ге орнатылған датчик. Ол ауаны жинап, мәліметті орталық станцияға жібереді. Станция бірден интернет арқылы мәліметті сұрыптап, техника мамандарына ауа айналымын жақсарту бойынша клиенттерге консультация беруге көмектеседі.

Зерттеу нәтижелері ғылыми журналда жариялауға дайындалып жатыр.

Айкаваның айтуынша, Spiri белгілі бір ортада респираторлық вирустардың шоғырлануына тосқауыл бола алады және ғимарат ішінде вирустың болған-болмағанына тест жасап тұрады. Оның сөзінше, құрылғыны стратегиялық маңызды жерлерге, мысалы, пойыз және метро бекеттеріне орнату елдердің пандемиядан кейінгі қалыпты өмірге оралуына көмектеседі.

«Коронавирусқа арналған тестерді осы секілді хаттамамен жасауға болады, бірақ оларды уақыт және бағасына байланысты кең ауқымда өткізу қиын. Зертханалық талдау нәтижелерін алуға кем дегенде бес күн кетеді. Ал Spiri вирустың таралуынан сақтану үшін алдын алу шаралары қолданылды ма деген сұраққа нақты уақыт режимінде жауап береді», - деп атап өтті Айкава.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT