Бразилия делегациясын сайланатын президент өкілеттіктері қызықтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Франциско де Асис Родригез бастаған Бразилияның тәуелсіз байқаушылар делегациясымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында К.Петров бразилиялық делегаттарға 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президенттік сайлауға байланысты қысқаша ақпарат берді.

Қазақстандағы сайлауға байқаушы ретінде алғаш рет қатысып отырған Бразилия делегациясының мүшелері сайланған президенттің өкілеттік қабылдауына, сайлауға дайындық және өткізу процедураларына, сонымен қатар сайлау науқанын қаржыландыру мен оның қатысушыларына қатысты бірқатар сұрақ қойды.

Соңғы жаңалықтар