Бразилия алтыншы мәрте әлем чемпионы атана ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатында G тобында дүние жүзінің бес мәрте чемпионы Бразилия құрамасы бар. Құрама сапында мықты ойыншылар көп. Олардың бәрі әлемнің үздік клубтарында өнер көрсетеді. Аталған топтағы қалған үш құрама плей-офф сатысына берілетін екінші жолдама үшін таласатын секілді. ҚазАқпарат тілшісі аталған топтағы командалардың мүмкіндіктерін саралап көрген еді.

G тобы: Бразилия, Камерун, Сербия, Швейцария


Бразилия

Осы уақытқа дейін өткен барлық Мундиальға қатысқан жалғыз команда, футбол әлемінде талантты ойыншылар саны жөнінен нағыз көшбасшы ел атанып кеткен Бразилия құрамасы соңғы 20 жылда үлкен жетістіктерге жете алмай келеді. Үлкен жетістік дегеніміз олар үшін тек қана әлем чемпионы атағы. Биыл турнирді жеңуге толық мүмкіндігі бар. Қазір Бразилияны тәжірибелі және білікті бапкер Тите жаттықтырады. Ол алты жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Оның шәкірттерінің әрбірі нағыз жұлдыз болуға лайықты. Тіпті, қақпаның өзінде Эдерсон және Алиссон сынды әлемдік деңгейдегі екі шебер бар.

Ал Тиагу Силва және Маркиньос қорғаныс шебін мықтап ұстай алады. Ал Каземиро жартылай қорғаныста қарсыласты өз алаңына өткізбесе, Неймар алдыңғы шепте басымдықты арттырады. Негізі аталған құраманың шабуыл шебінде Габриэл Жезус, Мартинелли, Ришарлисон, Рафинья, Антони, Винисиус сынды үздіктер бар.

Негізгі проблема - ол үздіктердің ішінен кім ойынды негізгі, қайсысы қосалқы құрамда бастайды? Мамандар Бразилияны финалға дейін жетеді деп болжап отыр.

Бас бапкер – Тите

Қақпашылар: Алиссон («Ливерпуль», Англия), Эдерсон («Манчестер Сити», Англия), Уэвертон («Палмейрас»).

Қорғаушылар: Алекс Сандро («Ювентус», Италия), Бремер («Ювентус», Италия), Данило («Ювентус», Италия), Алекс Теллес («Севилья», Испания), Дани Алвес («Пумас», Мексика), Эдер Милитао («Реал», Испания), Маркиньос (ПСЖ, Франция), Тиаго Силва («Челси», Англия).

Жартылай қорғаушылар: Каземиро («Манчестер Юнайтед», Англия), Фред («Манчестер Юнайтед», Англия), Эвертон Рибейро («Фламенго»), Фабиньо («Ливерпуль», Англия), Лукас Пакета («Вест Хэм», Англия), Бруно Гимараес («Ньюкасл», Англия).

Шабуылшылар: Антони («Манчестер Юнайтед», Англия), Габриэл Мартинелли («Арсенал», Англия), Габриэл Жезус («Арсенал», Англия), Неймар (ПСЖ, Франция), Педро Абреу («Фламенго»), Рафинья Диас («Барселона», Испания), Ришарлисон («Тоттенхэм», Англия), Родриго («Реал», Испания), Винисиус Жуниор («Реал», Испания).


Камерун

Африкалықтар өте күрделі топқа түсті. Сондықтан Камерун топтық кезеңде көш соңында қалуы мүмкін деген болжам бар. Ригобер Сонг жетеікшілік ететін құрама сапында белгілі ойыншылар аз емес. Атап айтқанда, олардың қатарында «Интер» қақпашысы Андре Онана, «Наполи» жартылай қорғаушысы Андре-Франк Замбо-Ангисса, «Бавария» шабуылшысы Эрик-Максим Шупо-Мотинг бар.

Дегенмен соңғы ойындарда олар жақсы ойын өрнегін көрсете алмай келеді. Камерундық футболшылар Өзбекстан және Экваториалды Гвинеядан жеңіліп қалды. Сондықтан олар әлем чемпионатында қандай деңгейде ойын көрсете алады деген сауал жиі айтылады.

Бас бапкер – Ригобер Сонг

Қақпашылар: Симон Нгапандуанбю («Марсель», Франция), Дэвис Эпасси («Абха», Сауд Арабиясы), Андре Онана («Интер», Италия).

Қорғаушылар: Николя Нкулу («Арис», Грекия), Нуху Толо («Сиэтл», АҚШ), Оливье Мбайзо («Филадельфия», АҚШ), Коллинс Фай («Аль-Тай», Сауд Арабиясы), Жан-Шарль Кастеллето («Нант», Франция), Энцо Эбосс («Удинезе», Италия), Кристофер Ву («Ренн», Франция).

Жартылай қорғаушылар: Оливье Нтчам («Свонси», Уэльс), Пьер Кунде («Олимпиакос», Грекия), Мартин Онгла («Верона», Италия), Самуэль Гуэ («Мехелен», Бельгия), Гаэль Ондуа («Ганновер», Германия), Андре-Франк Замбо-Ангисса («Наполи», Италия).

Шабуылшылар: Муми Нгамале («Динамо» Мәскеу, Ресей), Жером Нгом Мбекели («Апеес»), Жан-Пьер Нсаме («Янг Бойз», Швейцария), Жорж-Кевин Нкуду («Бешикташ», Түркия), Венсан Абубакар («Аль-Насср», Сауд Арабиясы), Карл Токо Экамби («Лион», Франция), Бриан Мбемо («Брентфорд», Англия), Эрик Шупо-Моттинг («Бавария», Германия), Кристиан Басогог («Шэньхуа», Қытай), Мару Суаибу («Котон»).


Сербия

Сербия құрамасында шеберлігі жоғары үш шабуылшы бар. Олардың әрқайсысы биылғы маусымда жақсы қырынан көрініп жүр. Душан Тадич, Александар Митрович және Душан Влаховичтің әрбір кездесуде гол соғуға қауқары жетеді.

Сербия қорғанысында да алаңдатарлық жағдай жоқ. Үш орталық қорғаушы жүйесі бойынша олар жоғары деңгейде ойнай алады. Өз қақпасына аз гол жібереді.

Мамандар Сербия әлем чемпионатында талайды таңғалдыруы мүмкін екенін айтады. Олардың ширек финалға дейін жетуіне мүмкіндігі зор.

Бас бапкер – Драган Стойкович

Қақпашылар: Марко Дмитрович («Севилья», Испания), Предраг Райкович («Мальорка», Испания), Ваня Милинкович-Савич («Торино», Италия).

Қорғаушылар: Стефан Митрович («Хетафе», Испания), Никола Миленкович («Фиорентина», Италия), Страхиня Павлович («Ред Булл Зальцбург», Австрия), Милош Велькович («Вердер», Германия), Филип Младенович («Легия», Польша), Страхиня Эракович («Црвена Звезда»), Срджан Бабич («Альмерия», Испания).

Жартылай қорғаушылар: Неманья Гудель («Севилья», Испания), Сергей Милинкович-Савич («Лацио», Италия), Саша Лукич («Торино», Италия), Марко Груйич («Порту», Португалия), Филип Костич («Ювентус», Италия), Урош Рачич («Брага», Португалия), Иван Илич («Верона», Италия), Дарко Лазович («Верона», Италия), Неманья Максимович («Хетафе», Испания), Андрия Живкович (ПАОК, Грекия).

Шабуылшылар: Душан Тадич («Аякс», Нидерланды), Александар Митрович («Фулхэм», Англия), Душан Влахович («Ювентус», Италия), Филип Джуричич («Сампдория», Италия), Лука Йович («Фиорентина», Италия), Неманя Радонич («Торино», Италия).


Швейцария

Төрт жыл бұрын әлем чемпионатында Гранит Джака мен Джердан Шакири керемет голдар соғып, көрермен жадында қалған еді. Нәтижесінде сол арқылы топтық кезеңде Сербияны артқа салып кетті. Қазір де дәл соған ұқсас жағдай. Швейцария тағы да Сербиямен өз тобында екінші орынға таласады. Гранит Джака «Арсенал» сапында Англия Премьер-лигасында жарқылдап көзге түсіп келеді. Ал Джердан Шакири қазан айының басынан бері «Чикаго Файр» құрамында алаңға шыққан жоқ.

Аталған құраманы Мурат Якин жаттықтырады. Іріктеу кезеңінде өз тобында Швейцария Еуропа чемпионы Италияны артқа тастап кетті. Енді олар тағы бір мықтыны қапы қалдыра ала ма?

Бас бапкер – Мурат Якин

Қақпашылар: Ян Зоммер («Боруссия» Менхенгладбах, Германия), Грегор Кобель («Боруссия» Дортмунд, Германия), Филипп Кен («РБ Зальцбург», Австрия), Йонас Омлин («Монпелье», Франция).

Қорғаушылар: Мануэль Аканджи («Манчестер Сити», Англия), Эрай Джемерт («Валенсия», Испания), Нико Эльведе («Боруссия» Менхенгладбах, Германия), Рикардо Родригес («Торино», Италия), Фабиан Шер («Ньюкасл» , Англия), Сильван Видмер («Майнц», Германия), Эдимилсон Фернандеш («Майнц», Германия).

Жартылай қорғаушылар: Гранит Джака («Арсенал», Англия), Денис Закария («Челси«, Англия), Мишель Эбишер («Болонья», Италия), Фабиан Фрай («Базель»), Ремо Фройлер («Ноттингем», Англия), Ардон Яшари («Люцерн»), Фабиан Ридер («Янг Бойз»).

Шабуылшылар: Брил Эмболо («Монако», Франция), Джердан Шакири («Чикаго», АҚШ), Ноа Окафор («РБ Зальцбург», Австрия), Харис Сеферович («Галатасарай», Түркия), Ренато Штеффен («Лугано») , Рубен Варгас («Аугсбург», Германия), Кристиан Фасснахт («Янг Бойз»), Джибрил Соу («Айнтрахт» Франкфурт, Германия).

G тобының ойын кестесі:

24 қараша

Швейцария - Камерун

Бразилия - Сербия

28 қараша

Камерун - Сербия

Бразилия - Швейцария

2 декабря

Камерун - Бразилия

Сербия - Швейцария

Мына материалдарға көз сала кетіңіз:

А тобындағы құрамалар жайлы мына жерде

В тобындағы құрамалар жайлы мына жерде

С тобындағы құрамалар жайлы мына жерде

D тобындағы құрамалар жайлы мына жерде

Е тобындағы құрамалар жайлы мына жерде


Фото: azertag.az


Соңғы жаңалықтар