Братиславада Қазақстан-словак іскерлік дөңгелек үстел отырысы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Братислава қаласында Қазақстан-словак іскерлік «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Братиславада Қазақстан-словак іскерлік дөңгелек үстелі өтеді

«21 қаңтарда Словакияның Братислава қаласында Қазақстан-словак іскерлік «дөңгелек үстелін» өткізу жоспарлануда. Бұл іс-шараға мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдері, сондай-ақ екі елдің ірі бизнес өкілдері қатысады», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, аталған шара барысында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтіп, екі ел экономикасының түрлі салаларындағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылау жоспарлануда. Бизнес-форумға энергетика, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі, инжиниринг және тамақ өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, метрология және гидрология және басқа да салаларда жұмыс істейтін 20-дан астам словак компаниясының өкілдері қатысады.

«Словак серіктестерімен ынтымақтастыққа мүдделі қазақстандық компаниялар іс-шараға қатысуға шақырылады. Қатысу мәселелері бойынша «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға хабарласуға болады», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар