Браконьерлермен айқаста қаза тапқан қорықшы Е. Нұрғалиевтің әкесіне »Барыс» ордені тапсырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ницык Петров пен Ерлан Нұрғалиевті (қайтыс болғаннан кейін) ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 830 Жарлығымен Ницык Петров Алексеевич пен Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын (қайтыс болған кейін) Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Министрлік атынан награданы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы инспектор Нұрғалиев Ерланның әкесіне және Ницык Петрге табыстады.

Еске салсақ, 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысы Нұра ауданында "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан сирек кездесетін және жоқ болып кету қаупi төнген жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердіӊ қолынан қаза тапқан болатын.

Е. Нысанбаев мемлекеттік наградаларды табыс ете отырып, бұл оқиға бүкіл республиканы күйзелтіп, табиғат қорғаушылар мен қарапайым халық арасында резонанс тудырғанын атап өтті.

«Тәжірибелі және кәсіби мамандардың бірінің мезгілсіз қайтыс болуы қазақстандық табиғаттың браконьерлік пен қара нарық алдында қорғалмағанын көрсетті.

Өз тарапынан министрлік ауыр, экстремалды-климаттық жағдайларда жұмыс істейтін инспекторларды қорғауды заңнамалық деңгейде күшейтуге қол жеткізетін болады.

Біздің табиғатты қорғауға барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық мүдделі болуы тиіс. Ерлан Нұрғалиевтің іс-әрекеті болашақ ұрпақ үшін ерлік пен патриотизмнің үлгісі ретінде мәңгі есте қалады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар