+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Браконьерлер қойшыға 500 мың теңге беріп, қылмыстарын соған артқан

2019 жылғы 14 ақпан 16:42
Бөлісіңіз:
Браконьерлер қойшыға 500 мың теңге беріп, қылмыстарын соған артқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оxотзоопром» РМКК бас директоры Ерзат Әлзақов браконьерлердің қылмыстық жауапкершіліктен қалайша құтылып кететінін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, браконьерлер заңнан мүлдем қорықпайды. Бүгін бір қылмыскерге қатысты сот шешімі шықса, ертең-ақ ол браконьер киіктерді аулауға қайта шығады.

«Біз оны ұстап алдық. Ал оның машинасында содан үш күн бұрын шыққан соттың шешімі жатыр. Масқара ғой. Тура сол көлікте, тура сол жерде, тура сол атылған киіктермен. Ал сот үш күн бұрын болған. Міне, браконьерлердің заңнан қалай «қорқатынын» осыдан-ақ көруге болады. Заңды күшейту керек. Басқасын алып тастап, тек бас бостандығынан айыруды ғана қалдырған дұрыс. Сонда тәртіп болады», - деді Е.Әлзақов Парламент Мәжілісінде өткен «дөңгелек үстелде».

Мекеме басшысының сөзіне қарағанда, бір ретте инспекторлар үш браконьерді ұстаған. Бәрін тәркілеп, қылмыскерлерді де, тиісті құжаттарды Алматы облысы Ұйғыр аудандық ішкі істер департаментіне тапсырған.

«Содан бастап бізді куәгер ретінде ешкім шақырған да жоқ. Қылмыстық істің сотқа кеткенін бір-ақ білдік. Ал жауапқа мүлдем бөтен төртінші адам тартылды. «Ол қалай?» дедік. Прокурорға да, судьяға ол адамның браконьерлікке еш қатысы жоқ екенін жеткіздік. Қылмыс жасағанда оны ешкім көрген де жоқ. Сөйтсек, жергілікті қойшы ма, бақташы ма, оған 500 мың теңге берген де, сотта жауапкершілікті өз мойныңа аласың деген. Сонда анау үшеуі жазадан құтылып кетті. Ал қылмысқа еш қатысы жоқ адам жауапқа тартылды», - деп атап көрсетті Е.Әлзақов.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерлермен күрес саласындағы заңбұзушылықтарды жариялады. Қылмыскерлерге құқық қорғаушылар ғана емес, сараптама жасайтын мамандар да көмектесіп жатады. Сондай-ақ, мамандар инспекторлардың браконьерлерге оқ атуға неге қорқатынын түсіндірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экология, ҚР АШМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT