Браконьер: Түркістан облысында 5 экологиялық қылмыс әшкере болды

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден жабайы қоян тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат обылстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық шара шеңберінде Кентаудың полиция қызметкерлері жабайы жануарларды заңсыз аулаудың кезекті дерегін анықтады.

Рейд кезінде тәртіп сақшылары Кентау қаласының маңында «ВАЗ-2106» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көліктің ішінде екі жергілікті тұрғын болды.

Автокөлік салонын тінту кезінде полицейлер екі аңшы мылтығын, прожектор және атылған 4 жабайы қоянды тауып тәркіледі. Аталған жайт тіркелді. Қазіргі уақытта аталмыш браконьерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы барысында 5 экологиялық қылмыс, 400-ден астам әкімшілік құқық бұзу фактісін және 14 аңшы қаруын, 7 жабайы аң мен құс еті, сондай-ақ 200 кг жуық балық және 280 метрден астам балық аулау желілерін анықтады.

Өз кезегінде полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар