Бозжырада қонақүй салуға қатысты министрдің жауабы: Қоршаған ортаға әсері де бағаланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Бозжыра шатқалында қонақүй салу жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бозжыра шатқалында қонақ үй салу мәселесінің өзіне келсек, ол жерде барша заманауи талаптарға, соның ішінде экологиял талаптарына сай нысан салынуы керек. Сондықтан бұл жерде ешқандай кері сипат жоқ деп ойлаймын. Өйткені қонақүй республика тұрғындары үшін, Маңғыстау облысының тұрғындары үшін де салынады. Нысан құрылысының керісінше мультипликативті әсері күшті болады. Турзим дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Менің жеке пікірім бойынша, ондай құрылыстың қажеттілігі бар болу керек. Республикада туризмді дамыту түсудің келешегі бар деуге болады», - деген министр нысанды Бозжыра шатқалынан 5 шақырым жерде емес, 20-25 шақырым қашықта салу керектігі туралы сарапшылардың пайымына қатысты пікір білдірді.

«Нысан мен шатқалдың арасындағы қашықтық туралы мынаны айта аламын. Әзірге жобалау-смета құжаттамасы әзірленіп жатыр. Қоршаған ортаға әсері де бағаланады. Жалпы экология сараптамасын алғаннан кейін бұл сұраққа жауап беруге болады», - деді Серікқали Брекешев.


Соңғы жаңалықтар