+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

«Бозжыра» шатқалында құрылыс жұмыстары басталады

2021 жылғы 10 маусым 17:46
Бөлісіңіз:
«Бозжыра» шатқалында құрылыс жұмыстары басталады

АҚТАУ. ҚазАқпарат- «Бозжыра» шатқалында құрылыс жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы мәлім етті.

Ұқсас жаңалықтар

«Баршаңызға белгілі Маңғыстау – бұл туризмді дамытудың бірегей әлеуеті бар, киелі және қасиетті орындар, табиғи жауһарлар, бірегей тұрмыс және ғасырлық дәстүрлер бар өлке. Сондықтан, эко, этнотуризмді дамытуды дәріптеу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігімен және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ-мен бірлесіп туристік бағыттар айқындалған болатын»,- деді ол.

Оның ішінде «Бозжыра» бағыты белсенді дамуда. Осы бағытты дамыту мақсатында инвестор «TETHYS AKTAU IV» компаниясы ұсынған жобалардың бірі Қарақия ауданындағы Этноауыл жобасы болып отыр.

«Бастапқыда инвестор Бозжыра шатқалындағы Жабайұшқан қорықшасының аумағында жобаны іске асыруды ұсынған болатын.

Алайда, жобаны жүзеге асыру орны азаматтық қоғамның жағымсыз реакциясына сәйкес және осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай қайта қаралды»,- деді ол.

Нәтижесінде Маңғыстау облысы әкімдігі Мәдениет және спорт, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, қоғам өкілдерімен, ардагерлермен, экоқорғаушылармен, ғалымдармен, Экология, Биология саласындағы сарапшылармен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізіп, жобаның іске асыру орнын Бозжыраның «Азу» аймағынан 4 км қашықтықта қаумалдан тыс жерден белгіледі.

«Сондай-ақ, инвестор инфрақұрылымды жүргізу бөлігінде «Жасыл» технологияларды қолданатын болады. Ал, облыс әкімдігі тарапынан Бозжыра шатқалына және қарау алаңдарына дейін автомобиль жолдарының құрылысы қамтамасыз етілетін болады», -деді ол.

Бүгінгі күні инвестор топырақтың геологиялық жағдайларын анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізді және қолданыстағы грейдер жолы қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сонымен бірге, жоғарыда аталған жоба бойынша «Қазақстан Экофорум» Қауымдастығынан қоғамдық экологиялық сараптама алу күтілуде, оның шеңберінде ұсынымдар инвесторға жіберілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT