Бозжыра шатқалында қонақ үй салынып жатқаны рас па

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Бозжыра сафари» қонақ үйінің жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобалау сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ал жоба дайын болғаннан кейін қоғамдық тыңдауға ұсынылады. Қазіргі уақытта құрылыс басталған жоқ.

Желіде тараған видеода тек 2 күнге болашақ объектінің жоспарланған орнына инвестор тобының кетуіне байланысты уақытша шатыр, мобильді әжетхана және жылжымалы генератор орнатылған.

«Жобаны іске асыруды бастаған кезде ұйымдастырушылар міндетті түрде барлық қажетті қоғамдық, экологиялық тыңдау өткізеді және қолданыстағы заңнаманың барлық санитарлық-экологиялық, табиғи нормалары сақталады» делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Бозжырада қонақ үйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тарап, бұл жағдай халықтың ашу-ызасын туғызған еді.


Фото: Александр Петров


Соңғы жаңалықтар