Бозымбаев жанармай бағасына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк бензин бағасының күрт қымбаттауын келесі жылда болатын қауіп-қатерлердің бірі ретінде қарастырып отыр. Аталған фактор елдің макроэкономикалық жағдайына өз әсерін тигізуі әбден мүмкін. Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған болжамға қатысты өз ойын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынымды айтсам, мен де Ақышев мырзаның (Ұлттық банк төрағасы - авт.) осы пікірін оқыған едім. Бірақ ол ойдың өзегін, пікірдің негізін түсінбей отырмын. Біз бензин бағасынан бұрын теңгенің бағамына алаңдап отырамыз», - деді Қ.Бозымбаев.

Ал «Жалпы, қазақстандықтар алдағы жылды қалай қарсы алуы керек? Сізде қандай да бір болжам бар ма?» деген сұраққа министр: «Қазақстандықтар 2018 жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуы керек деп ойлаймын», - деп қысқа ғана қайырды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұнайды өндіру көлемін артығымен орындап шықты. 

Соңғы жаңалықтар