Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Бозымбаев орынбасарының ұсталуы жайында: Вице-министрді министр тағайындамайды

2018 жылғы 8 қараша 10:54 2030
Бөлісіңіз:
Бозымбаев орынбасарының ұсталуы жайында: Вице-министрді министр тағайындамайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның  бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жемқорлыққа қарсы агенттік ағайынды Рысқалиевтер ісі бойынша хабарлама таратты Маңғыстауда «ҚазАвтоЖол» өкілі жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды

«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті.

«Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол - тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», - деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын. 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT