+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Бозымбаев мұнайды қайта өңдеу көлемі неліктен жоспардан қалып жатқанын түсіндірді

2019 жылғы 13 тамыз 11:17
Бөлісіңіз:
Бозымбаев мұнайды қайта өңдеу көлемі неліктен жоспардан қалып жатқанын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаев елімізде мұнайды қайта өңдеу көлемі неліктен жоспардан қалып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордаға газ қашан жетеді - Энергетика министрлігі Биыл мұнай өндіру көлемі жоспардан асуы мүмкін 2040 жылға дейін энергетикадағы ең үлкен үлес мұнай мен газ саласында сақталады - OPEC бас хатшысы

«Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша мұнайды қайта өңдеу көлемі 9,58 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Бірақ, жоспарлы көрсеткішке 1,2 пайызға жете алмадық. Оның себептері бар. Өзіңіз білетіндей, ағымдағы жылдың басында бензин экспорты тоқтап, мұнай-өңдеу зауыттарының бензин резервуарлары толып қалуына байланысты болған. Биыл маусым айынан бастап бензин экспорты басталып, мұнай-өңдеу зауыттары толыққанды жұмыс істеп жатыр. Белгіленген жоспарды жыл соңына дейін орындаймыз деп отырмыз», - деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуына қарағанда, мұнай өндіру көлемі бойынша ешқандай қиындық жоқ.

«Мұнай өндіру саласында жоспарлы көрсеткіштен қарағанда қарқын 11,2 пайыздан жоғары. Биыл 100 пайыз орындаймыз деп күтілуде», - деді Қанат Бозымбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT