+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Бозымбаев Қазақстан мұнай экспорты қашан 12 млн тоннаға жететінін айтты

2019 жылғы 26 қыркүйек 13:32
Бөлісіңіз:
Бозымбаев Қазақстан мұнай экспорты қашан 12 млн тоннаға жететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2023 жылдан бастап Қазақстанның мұнай экспорты жылына 12 млн тоннаға артатын болады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан XII Kazenergy Еуразиялық форумы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы айтқанда, экспорт көлемі алдағы 2-3 жылдың ішінде тұрақты болады. 2023 жылдан бастап экспорт көлемі жылына 10-12 млн тоннаға өседі. Бұл ең бастысы Теңіз мұнай кен орнымен байланысты. Қазір осы кен орнында үлкен инвестициялық жоба жалғасып жатыр. 38 млрд АҚШ долларындай инвестиция салынып, игерілуде», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, Теңіз кен орнындағы инвестициялық жобалардың арқасында 2023 жылға қарай мұнай экспорты жылына 12 млн тоннаға өседі Себебі аталаған кен орнынан өндірілген мұнайдың басым бөлігі экспортқа шығарылады.

«Мұнан бөлек келесі мүмкіндік Қашағанға байланысты болады. Бұл кен орнының мүмкіншілігі де біртіндеп өседі», - деді Қанат Бозымбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT